Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру

Мұнай-газ өнеркәсібінде энергетикалық шаруашылық көмекші өндірістің құрам бөлігі болып табылады. Кәсіпорын электр және жылу энергиясымен аудандық станциялардан, сондай-ақ өз меншігіндегі электр станциялар мен қазандықтардан жабдықтау мүмкін.

Мұнай өндірісінде электр энергия шығыны 1 т мұнайға есептелінеді. Электр энергия шығынын есептеу үшін қондырылған двигательдердің қуаттылығы, агрегаттардың машиналық уақыт коэффициентін, тәуліктегі жоспарланған жұмыс уақытының көлемі мен қуаттылығын пайдалану коэффициенті ескеріледі. Жарық беру мұқтаждықтарына арналған электр энергиясының қажеттілігін, жарықтандыру ауданына, нормаларына, уақытының көлеміне байланысты анықталады.

Жылумен жабдықтау

Жылу энергиясы бу мен ыстық су түрінде тұтынылады. Бу технологиялық және двигательдік мұқтаждықтарға шығындалады. Мұнай базаларында, мұнай кәсіпшіліктерінде және НПЗ-ның тауарлық-шикізаттық бақшасында буды сораптарды келтіруге емкостьтер мен цистерналардағы мұнай және мұнай өнімдерін жылытуға пайдаланады. әсіресе қуатты жылу шаруашылығы НПЗ-да пайда болады, онда бу құбырының ұзақтығы 10 километрді құрайды.

Сатып алынушы электр энергия тариф бойынша төленеді. өз меншігіндегі қазанда буды өндірген кезде лайықты калькуляцияны әзірлейді. Кәсіпорын шығындары өзіне қызмет көрсетуші персоналдың жалақысын, отын құнын, амортизацияны, цехтың және басқа да шығындарды қосады.

Энергетикалық шаруашылықта жұмыстарды ұйымдастыру процесінде энергетикалық жабдықтардың біркелкі тиелінуіне, технологиялық сызбалардың жетілдірілуіне, құбырларды жылыту сызбалардың оңтайландырылуы және энергияның сыбағалы шығынын қысқартуға басқа да шараларға көбірек назар аудару қажет.



Мұнай және газ өнеркәсібінде жылу ресурстарының үнемділігінің маңызды бағыты жылуды қайта қолдану болып табылады (жылу түтіндік газдар, су және т.б.)

Сумен жабдықтау

Мұнай және газ өнеркәсібінде суға жоспарланатын қажеттілікті өндірілетін жұмыстардың көлемі мен су шығынының нормаларын жұмыс бірлігіне сәйкес анықтайды. Жұмсалған судың ақысын куб метр бойынша есептейді. Орталықтандырылған сумен жабдықтауда техникалық су шығыны Зв мына формуламен есептелінеді:

Зв=В*t*Цв

Мұндағы В – су шығыны, 1 сағ.м3;

t – объектінің жұмыс уақыты, сағ.;

Цв – судың прейскуранттық бағасы, 1 м3 ақша бірлігі.

Объектіні жергілікті қайнарлармен (өзендер, көлдер және т.б.) немесе ұңғыларды бұрғылау арқылы техникалық сумен қамтамасыз етуде судың 1 м3 шығынын калькуляция жолымен біледі.

Транспорт

Транспорт шаруашылығының міндеті – бұл өндірістік процеске сәйкес барлық жүктердің үздіксіз тасымалдануын, транспорттық құралдардың жөнделген және жұмысқа жарамды жағдайда ұстау, транспорт шығындарын төмендету және жүктеу мен түсіру жұмыстарын жүзеге асыру.

Мұнай және газ өнеркәсібіндегі транспорт шаруашылығыжүктерді өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өткізеді (магистральдік транспорт) немесе кәсіпорын ішінде жүктерді тасымалдайды (цехаралық транспорт, кәсіпшілік ішілік транспорт т.б.). Мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сыртқы транспорты әртүрлі құралдармен жүргізіледі.



Кәсіпорынның транспорттық қызметінің функциялары:

- транспорттық қызметінде қолданылатын нормативтерді әзірлеу;

- жүк ағындары мен айналымдарының есебі негізінде транспорттың барлық түрлерінің қажеттіліктерін жоспарлау;

- транспорт құралдарының ЖСЖ жоспарлау;

- қосалқы бөлшектердің қажеттілігі мен олардың сатып алынуын анықтау;

- кәсіпорынды барлық транспорт түрлерін жедел жоспарлау мен диспетчерлік қамтамасыз ету;

- өндірістік процестерді транспорт құралдармен қамтамасыз ету;

- транспорт құралдарының тексерулер мен жөндеулерді ұйымдастыру;

- қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету;

- транспорт құралдарының қызмет етуін ұйымдастыру (ГСМ-да май құю, жуу және т.б.);

- жаңа транспорт құралдармен жабдықтау, оларды мемлекеттік органда тіркеу, жүктер мен адамдарды тасу үшін лицензия алу, транспорт құралдарының есептен шығару мен пайдалану.

ТТ қажеттіліктерін нәтижелі жоспарлау үшін кәсіпорынның жүк айналымы мен жүк ағындары анықталады.

Жүк айналымы – бұл кәсіпорынға айқын аралық уақытта өткізілетін барлық жүктер сомасы немесе кәсіпорынға барлық жүк ағындарының сомасы.

Жүк ағыны – айқын аралық уақытта цех және қойма арасында анықталған бағытта тасымалданған жүк саны (т, кг).

Жүк ағындары жүк түрлерін ауыстыру, жіберу мен жеткізу пунктері, пунктердің ара қашықтығы, ауыстырылатын жүктер көлемдері, тасымалдаудың жиілігі мен тұрақтылығы негізінде есептеледі.

Мұнай және газ өнеркәсібінде мұнай, мұнай өнімдері және газды тасымалдау көбінесе барлық өндірістік процестің нәтижелілігін анықтайды. Сондықтан кәсіпорын ұжымының маңызды міндеті вагондардың тотауларын қысқарту арқылы тасымалдау жұмысын жақсарту, жүктеу мен түсіру жұмыстарының механикалық деңгейін жоғарлату, негізгі өндірістік цехтың жұмысы транспорттың технологиялық процесімен тығыз байланысты.

Мұнай және газды тасымалдаумен қатар транспорт шаруашылығы жабдықтар, материлдар, отын мен басқа да жүктерді жеткізуді жүзеге асырады. Транспортты кәсіпорын жұмысшыларын тасымалдауға да пайдаланады. Транспорт шаруашылығының нәтижелі ұйымдастырылуы көбінесе транспорт құралдарын дұрыс пайдалануға тәуелді болады.

Транспорттың жұмысын зерттеуге нақты және жоспарлы жүк айналымын талдау, транспорт құралдарының техникалық жағдайы мен оларды пайдалануды ұйымдастыру, жөндеу және басқа факторлар кіреді. Мысалы, автомобильдің көрсеткіштері, оның техникалық дайындығының сипаты, жүрісі, жүк көтергіштігі т.б. анықталады.

Автомобильдің техникалық дайындығы кәсіпорында транспорт құралдарын қолдану мүмкіншілігін көрсетеді:

Кт.г.= nТ / n,

Мұндағы Кт.г.- автомобиль бақшасындағы техникалық дайындық коэффициенті;

nТ – техникалық жұмысқа жарамды автомобиль саны;

n– бақшадағы автомобиль саны.

Жүрістің нәтижелі қолдануы жүкті және жүксіз автомобильдердің арасындағы жүріс арқылы анықталады:

К и.n.= L / L + Lo,

Мұндағы К и.n.- қолданылған жүріс коэффициенті;

L- жүкті автомобиль жолы, км;

Lo– жүксіз автомобиль жолы, км.

Автомобильді тиеу жүк көтерімділігінің қолдануын сипаттайды:

kгр = Q / q * m,

Мұндағы kгр – жүк көтерімділікті қолдану коэффициенті;

Q – тасымалданған жүктің салмағы, т;

q- паспортқа сәйкес жүк көтерімділікті қолдану, т;

m- жүргізілген рейс саны.

Транспорттың жұмысын жақсартудың негізгі бағыттары: жоспарлау деңгейін жоғарлату арқылы тасымалдауды оңтайландыру және транспорт құралдарын жақсы қолдану (орталықтандырылған тасымалдаулар, жүріс уақытының артуы және т.б.), жүктеу және түсіру жұмыстарының механикаландыру және автоматтандыру кешені, ағызу-құю операциялары, жолдардың құрылысы және жеткілікті қуатты жөндеу базасын жасау.


3045772580838440.html
3045844777894007.html
    PR.RU™